Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұрағаттағы 15 млн парақ цифрландырылды

c 17:03, 09/10 c 9

0:00 / 0:00

Жыл санап елімізде цифрландыру саласы дамып келеді. Қазір өмірді цифрландырусыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дін аман қалдыру мәселесінде электронды нұсқаға көшіру күн тәртібінен түспейтін сауал. Күні бүгінге дейін мемлекеттік архивте 15 млн парақ цифрландырылды. Мұрағатта қанша құжат бар? Оларды қалай сақтайды?

Облыстық архивте құжаттарды сақтайтын 6 қойма бар. Құнды мұраны жарық пен жылудан қорғайды. Қоймаларда ауа температурасы 17-19 градустан аспайды.

Көне жәдігерлерді сақтап, оны келешек ұрпаққа қалдыру маңызды іс. Осы мақсатта 2018 жылдан бастап құжаттарды цифрландыру ісі қолға алынды. Күні бүгінге дейін 15 млн парақ сканерленген. Бұл үшін озық технологиялар пайдаланылуда.

Бұдан бөлек мемлекеттік архивтің электронды сайты да жұмыс істеп тұр. Мұнда кез келген адам электронды қолтаңба арқылы электронды мұрағатты пайдалана алады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.