Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мейіржанға көмек керек!

c 17:04, 09/10 c 39

0:00 / 0:00

Жақсылық жасап жарысайық! Оралдық 4 жасар Мейіржан Абдисланға Түркияда жасалатын қымбат отаға ақша жинап жатыр. Бөбек 2020 жылы короновирус кезінде дүниеге келіпті. Сәбидің өңеші мен тыныс алу жолдарында ақау бар. Сырқатының кесірінен Мейіржан өзге балалар секілді көп жүгіріп, асыр-салып ойнай алмайды. Әрең тыныс алады, ал ұйықтағанда тіптен қиналады.

Бұл- 4 жасар Мейіржанның ұйқысы. Ол осылай тыныстайды. Балақай 2020 жылы дүниеге келген. Туғанан бері өмір үшін күресіп келеді. 80 пайыз өкпесінің зақымдануымен дүниеге келіп, екі айдай дәрігерлердің бақылауында болған.

Баланың өңеші мен тыныс алу жолдарында ақау бар. Бұл дерт сәбидің өзге балалар секілді асыр салып ойнауы, толыққанды өмір сүруіне кедергі келтіруде. Сәби мен оның ата-насы осы уақытқа дейін талай дәрігердің қабылдауында болып, талай табалдырықты тоздырған. Мейіржан қалалық №6 емханада тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі баланың жағдайына қатысты сұқбат бермейміз деп кесіп айтты. Ол Мейіржан көмей стенозы бойынша тіркеуде тұр. Науқас мекенжайы бойынша тиісті медициналық ем-шарасын алуда деп қысқа қайырды. Ресей мен Отандық дәрігерлер баланың 7 не 13 жасқа келгенін күтіңіздер деп айтыпты. Ал түріктің дәрігерлері балақай дертінен айығуы мүмкін деген үміт сыйлапты. Стамбулдық клиника сәбиге ота жасауға келіскен. Ол үшін 16 млн теңгедей қаржы керек.

Мейіржан өзге балалар секілді темір тұлпарлармен ойнағанды жақсы көреді. Бірақ ол әзірге өзге балалар сияқты асыр салып, доп қуа алмайды. Дәрігерлердің ем-домына дес бермей шыдап, өмір үшін табанды күресіп жүрген Мейіржанға өмір сыйлайық. Экранда көрсетілген анасының нөміріне 8-747-346-53-85 қаржыңызды аудара аласыздар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.