Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САҚТАНСАҢ-САҚТАЙДЫ!

c 09:13, 04/10 c 2

Облыста жылу беру маусымы 15 қазанда басталады. Әлеуметтік нысандардан түскен өтініш негізінде бірқатарына 1 қазанда жылу берілді. Бұл аралықта төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғын үй секторында өрттің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың баспанасына газ датчиктерін орнатып береді. Биыл тізімде 600 жанұя бар. Өкінішке орай, өткен маусымда 3 адамның ажалы өрттен болған.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Қыс түссе жол қозғалысы да төтеншеліктерді әуре-сарсаңға салады. Сапарға шыққан жүргізушілер мен жолаушыларға жәрдем беруі керек. Ұйытқыған жел, ақ шұнақ боранда 112 қоңырауына тыным болмайды. Былтыр 111 рет жол жабылып, 11 рет көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылған. БҚО ТЖД сала өкілдерімен бірлесіп, қазан айы бойы дайындықты пысықтауды жоспарлап отыр.

НҰРАЛЫ МУСИЕВ

БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Сондай-ақ Нұралы Мусиевтың айтуынша, азаматтық қорғау қызметкерлері жолда қалған 112 адамға көмек беріп, жылыту пункттеріне жеткізген. Сала мамандары облыс тұрғындарына уақытылы қызмет көрсету мақсатында алып техникаларды бүгіннен сайлауға көшті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.