0:00 / 0:00
Балалар арасында суицид көбейіп отыр. Қыркүйек айының 12 мен 22 күндері аралығында төрт бала өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасты. Оны айдың ішінде 169 кәмелет жасқа толмағандар өмірден озды. Елімізде орын алған балалардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары бүкіл қоғамды дүр сілкіндіріп, ата-аналарды алаңдатып отыр. Соңғы күндері орын алған балалар суициді әлеуметтік желіде тарап жатқан ойындармен байланысты деген мәліметтер де жоқ емес. «Ата-анаңа қарсы шық!», «Үйден қашып кетудің амалын тап!» деген қитұрқы тапсырмалар бар ойында суға батып өлуге, шатырдан секіруге үгіттейтін талаптар да бар. Ойынға басымен кіріп кеткен бала, ондағы талаптарды орындап аяғы қайғылы жағдайға әкеп соғып жатыр. Осыдан екі ай бұрын шыққан қауіпті ойынды әлем бойынша 10 миллион бала жүктеген. Мәжіліс депутат Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министр Олжас Бектеновтен әлеуметтік желілердегі контентті қатаң бақылауға алуды сұрады.
Психологтардың айтуынша, әлеуметтік желідегі қауіпті ойындардың құрығына ата-анасымен тіл табыса алмаған, күйзелісте жүрген балалар түседі. Бас прокуратурдың орынбасары бүгінде 16 мың сайт бұғатталғанын, әлі де қауіпті контенттерді шектеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.
Мәжілісмен Сүйлейменова үкімет басшысына жолдаған сауалында қауіпті контентті анықтау және мониторинг жасау бойынша автоматтандырылған жүйелерді енгізуді, ата-аналарды зиянды контенттің қаупі туралы ақпараттандыру және оқу бағдарламаларына оқушылар арасында зиянды контентті зерттеуге бағытталған цифрлық сауаттылықты дамыту компоненттерін енгізуді ұсынды.