0:00 / 0:00
Тойдың болғанына боладысы қызық деген. Қазақстан билігі он жылдан астам уақыт бойы елде АЭС салу мәселесін сөз етіп келген болса, биыл бұл сұраққа нүкте қойылмақ. Елде салынатын АЭС құрлысының орын да белгілі болды. Ал атом реакторын салуға төрт ел қызығушылық танытуда. Олар-Қытай, Франция, Корея және Ресей. Бірақ билік халықтың батасын алмай АЭС салынбайды деп отыр. Яғни 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтіп, қазақстандықтар АЭС құрлысына келісесіз бе?-деген сұраққа, «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Тек референдум қортындысынан кейін барып, үкімет бұл мәселені қолға алады. Ал референдумның алдында АЭС жайында насихат жұмыстары қарқындап кетті. Бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін қазір алдағы референдум мәселесін қызу талқылауда. Ал Қазақстандағы науқанды бақылау үшін шетелдерден байқаушылар келеді. Бірақ бұл референдумды бақылауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары қатыспайтын болыпты.
Референдумға халықаралық ұйымдар мен шетелден келетін байқаушыларды аккредиттеу 30 қыркүйекте аяқталғанын айтқан ОСК төрағасы 30 елдің байқаушысы келіп, референдумның өту барысын бақылайды деп марқайып отыр.
Ал сыртқы істер министрлігінің мәліментіше, 14 мемлекеттегі 38 БАҚ-тан 162 шетелдік журналист тіркелген. Сондай-ақ уақытша аккредитацияны қосымша 23 елден 38 журналист алды. Барлығы 200 журналист біздің елде өтетін АЭС құрлысына қатысты референдумды бақылап, хабар тарататын болады.