Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Суды үнемдеу мәселесі талқыланды

c 18:14, 01/10 c 1

БҚО әкімдігінде аймақтың бас прокуроры төрағалық етуімен алқа кеңесі өтті. Жиын су мәселесіне арналды. Тіршілік нәрін үнемдеу мен су қоймаларының жағдайын жақсарту жайы талқыланды.

БҚО-да 119 ауыл сумен жабдықталмаған. 16 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылмаған. Олар құдықтан және тасып әкелген тіршілік нәрін тұтынып отыр. Мысалы, Қаратөбе ауданында 8 елдімекенде құдық суынан зиянды заттар табылыпты. Орал қаласында да тіршілік нәрін тасымалдайтын құбырлардан түрлі бактерия анықталды.
Суды үнемдеп ұстау мәселесі әлі кенжелеп келеді. Орал қаласында 12 көлік жуатын мекеме арнайы рұқсат алмай, жерасты ұңғымасын пайдаланып отыр. Осындай көлік жуатын 4 мекеме Ақсайда жұмыс істеп келеді. Шаруаларда тіршілік нәрін заңсыз пайдаланыпты.

Прокурорлардың алқа кеңесінде су пайдаланушылардың қызметінен тиісті төлемдердің бюджетке түспегені анықталыпты. Төлемдердің индексі 2021 жылғы мөлшерлемемен жүзеге асырылып келген. Соның кесірінен қазына қыруар қаржыдан қағылып келді. Жиында су қорғау аймақтарын сақталмағаны айтылды. 2022-2023 жылдары Орал қаласы әкімдігі уәкілетті органдардан келісім алмай, су қорғау аумақтарында баспана мен коммерциялық объектілер салу үшін 30 жер учаскесін беріпті.

Елімізде су мәселесі қордаланып қалды. Тіршілік нәрінің жағдайын қадағалайтын жөнді министрлік те болмады. 30 жылдың ішінде судың жағдайын сараптайтын маман жоқ. Бар болса да тапшы. Өткен жылдары өңірде Жайық-Каспий инспекциясында 1 ғана маман жұмыс істеді. Министрлік құрылғалы мамандардың саны артып, инспекция керек-жарақпен жыл соңына дейін жабдықталмақ. Осы мекеме басшысы Жайықтың жайын жайып салды.

Жиында Көшім өзені мен іргелес жатқан су қоймаларында құстардың азайып бара жатырғаны да талқыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.