БҚО-ның прокурорлары заңсыз берілген жер телімдерін анықтады. Жер учаскелері Бәйтерек ауданында берілген. Құзырлы орган тексеруінің нәтижесінде жалпы ауданы 45,9 гактар жер телімі бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген.
Юрий Астафьев, БҚО прокуратурасының басқарма басшысы:
-Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша тергеп-тексеру жүргізілді. 2024 жылдың 16 қыркүйегінде сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті.
Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды,-дейді.
Сурет https://tirshilik-tynysy.kz/kogam/15370-180-zher-telm-igerlmegen.html сайтынан жүктелді