Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Витреоретиналды патологияның сараптамалық кеңес өтті

c 09:07, 30/09 c 1

0:00 / 0:00

Орал қаласында алғаш рет витреоретиналды патология жөніндегі сараптамалық кеңес өтті. Айтулы шара Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, қазақстандық офтальмологтар қоғамының мүшелері мен дәрігерлер қатысты. "Юнисерв медикал центр" демеуші болған кеңес жайлы толығырақ келесі сюжетте.

Осыдан бес жыл бұрын Uniserv Medical Center өз жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде медициналық мекеме замануи құрал-жабдықтармен жабдықталып, білікті мамандармен толықты. Соның арқасында күрделі оталар осы "Uniserv Medical Center" қабырғасында жасалады. Әсіресе, офтальмология саласы көш бастап тұр.

Жапония, АҚШ, Корея мен Германияда жасалған құрал-жабдықпен дәрігерлер оралдықтардың жанарын емдеп келеді. Uniserv Medical Center әлеуетін қазақ көз аурулары ғылыми -зерттеу институтының бас дәрігері атап өтті.

Қазақстанның үздік көз дәрігерлері Uniserv Medical Center-дың науқастарын қабылдады. Тұрғындар мұндай қызмет пен медициналық мекеменің қызметіне дән риза.

Еліміздің білікті офтальмологтары Орал қаласында сараптамалық кеңесте арнайы бас қосты.

Кеңес нәтижесінде “Uniserv Medical Center” базасында Қазақстан офтальмологтары қоғамының филиалы құрылды. Бұл өңір дәрігерлерінің біліктілігін арттырып, диагнозы күрделі науқастарға дер кезінде ем-дом көрсетуге көмек болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.