0:00 / 0:00
Алтыншы қазанда ел аумағында референдум өтеді. Халық АЭС салу мәселесі байланысты келешектің таңдауын жасайды. Жаңа баламалы энергия көзінің пайдасы мен оның қажеттілігі туралы азаматтарға айтып, түсіндіру үшін халықтық штаб құрылғаны есімізде. Республикалық штаб өкілдері Ақжайық өңіріне табан тіреді. Олар БҚО-дағы ірі өндіріс ошақтары мен көгілдір отын саласында жұмыс істейтін мамандармен кездесті.
Республикалық халықтық штаб өкілдері облыс орталығында орналасқан өндіріс ошағында жұмыс істейтін жандармен кездесті. Штаб өкілдері АЭС мәселесіне қатысты пікірлерін ортаға салып, азаматтардың сауалдарына жауап берді. Қазақстан үшін атом электр станциясы жаңалық емес. Ақтауда 35 реакторлы станция жұмыс істеді. 40 жылдан бері Алматының Курчатов қаласында 2 эксперименталды реактор бар.
Атом электр станциясын салуда үрейге бой алдырмау керек. Жаһандық даму жолында көш соңында қалмас үшін, электр энергиясынан тапшылық болмас үшін станция салу уақыт талабы,- дейді жұмысшылар.
Халықтық штаб өкілдері оралдықтарға атом электр станциясының артықшылықтарын баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда АЭС салу мәселесіне қатысты референдум өтеді. Халық атом электр станциясын салу, не салмау мәселесіне қатысты өз таңдауын жасайды.