Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"АҚЖАЙЫҚТЫҢ АҚКЕРБЕЗІ"

c 18:08, 25/09 c 52

0:00 / 0:00

Орал қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі термеші, күміс көмей әнші Қалампыр Рахимованың 75 жылдығына арналған "Ақжайықтың Ақкербезі" атты республикалық әнші-термешілердің байқауы өтті. Сайыста 18 әнші бақ сынады. Бес жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға арнайы Астана қаласы, Ақтөбе мен Маңғыстау, Қызылорда облысы мен Бәйтерек, Қазталов, Қаратөбе ауданынан термешілер қатысты.

Дәстүрлі әнші, кешегі Ғарифолла Құрманғалиевтың шәкірті, термеші Қалампыр Рахимованың 75 жылдығына арналған байқау ұйымдастырылды.

Қалампыр Рахимова Шыңғырлау ауданының, Алмаз ауылына қарасты Соркөлде дүние келген. Мектеп бітіріп, Алмаз ауылында клуб меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті- қазақтың домбырасы мен терме өнерін таныту үшін өмірін арнаған жан. Күміс көмей әнші "Гүлдер" ансамблінде өнер көрсеткен. Небары 39 жыл өмір сүрген өнер иесі артында мол мұра қалдырды. Қалампыр Рахимова күллі қазақтың мақтанышына айналды. Оның өнері мен ғибратты ғұмыры өскелең ұрпаққа үлгі. Осы байқауда Шыңғырлаудың Алмаз ауылынан Сұлужан Задыгер бақ сынады. Бойжеткен жастайынан термеге әуес болып өседі. Сұлужанның арманы Қалампыр апайы секілді қазақ өнеріне еңбек етуде.

Республикалық әнші-термешілердің байқауына елордадан Ақбота Ерланқызы арнайы ат терлетіп келді. Бүгінде бойжеткен Астана қаласында білім алады.

Әнші-термешілердің байқауы ел аумағында сирек ұйымдастырылады. Байқауға қатысушы өнерпаздар осындай ұлттық өнерді ұлықтайтын байқаулар көп болса деген тілегін білдірді. Қалампыр Рахимованың байқауында Қазталовтық Аяжан Елемес бас жүлдені қанжығалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.