Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Taekwondo itf Академиясы ашылды

c 16:09, 23/09 c 1

Орал қаласында Taekwondo itf федерациясының академиясы ашылды. Жаңа ғимараттың ауданы-600 шаршы метрді құрайды. Академияда спортшылардың алаңсыз жаттығуы үшін бар жағдай жасалған. Жайлы спорт зал спортшыларға қажеттінің бәрімен қамтылған. Оралдық мықтылар жайлы жағдайда жаттығуы үшін БҚО Taekwondo itf федерациясының президенті Аралбек Ахметов барын салды. «AKHMETOV TEAM» командасының аты күллі әлемге танымал. Таэквондошылар әлем біріншілігі мен Азия, Еуропа чемпионаттарында топ жарып, алтынды қанжығалап жүр.

Оралда Taekwondo itf федерациясының академиясы ашылды. Оған арналған ғимарат бір жылдай салынды. «AKHMETOV TEAM» командасын қолдауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мейман көп.

Елімізде таэквондоға арналған мұндай спорт зал жоқ. Тек Орал қаласында ғана замануи академия өз жұмысын бастады. Спортшылардың қауіпсіздігі үшін ғимаратта бейнебақылау құрылғылары орнатылыпты. Жаңа спорт залда бокс үйірмесі де жұмыс істейді. Қазіргі таңда таэквондомен 300 бала айнасылады. Олардың санын 2000-ге дейін арттыру жоспарда бар.

Аралбек Сайынұлының еңбегін ата-аналар мен үзеңгілес әріптестері атап өтті. «AKHMETOV TEAM»командасында 1 спорт шебері мен 25 спорт шеберіне үміткер спортшы жаттығады.

Аралбек Ахметов -спортқа 25 жылын арнаған жан. Спорт залдың ашылу рәсімінде Ахметовтың анасы перзентінің жетістігіне марқайып, толқып қуанышын жеткізді.

«AKHMETOV TEAM» командасының алға қойған мақсаты көп. Атақты команда 4 жастан бастап балаларды қабылдайды. Академия Әбілқайыр хан 2 мекенжайында, Сергей Тюленин аялдамасында орналасқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.