0:00 / 0:00
Биыл өткен жылмен салыстырғанда өрттің саны 16 пайызға көбейген. Оның 11 пайызы жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Облыс аумағында 480 оқиға тіркелсе, онда 3 адам қаза тауып, 6 адам түрлі дене жарақатын алған. Сала өкілдерінің айтуынша, азаматтар өрт қауіпсіздігі ережелерін жиі бұзады. Мәселен, 17 қыркүйек күні Оралдағы Бортау ауылында астық қоймасының шатыры отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің нақтылауынша, өрт электр сымдарының тұйықталуы салдарынан тұтанған.
МЕРЕКЕ ЖҰМАҒАЛИЕВ
БҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сондай-ақ төтеншеліктер Бәйтерек ауданының Қаражар ауылында да қызыл жалынды ауыздықтаған. Шылым шеккен тұрғын отты пайдалану ережелерін естен шығарып, соңы қызыл жалынға ласқан. Өрт орнына төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері, 3 бірлік техникасы жұмылдырылуы нәтижесінде адам шығыны болмады.
МЕРЕКЕ ЖҰМАҒАЛИЕВ
БҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сондай-ақ биыл өткен жылмен салыстырғанда дала өрті де артқан. Мәселен, төтеншеліктер 6 дала өртін сөндірсе, жыл басынан 13 дала және 3 орман өрті тіркелген.