Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕРБАЯНДЫ ГЕРМАНИЯҒА АПАРЫП ЕМДЕТЕДІ

c 17:25, 18/09 c 43

0:00 / 0:00

Ербаян Мұхтардың басынан өтіп жатқан қиын жағдай қазақстандықтардың назарында. Бірнеше ай комада жатып, есін жиған сарбаз Ербаян Мұхтар қазір үйінде жатып ем-дом алып жатыр. Ата-анасының айтуынша, ол толық дәрігерлік бақылауда. Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөлімінде жүріп, түнде дәретханада құлап, жарақат алған деген ақпарат шықты. Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов мүшкіл халде жатқан сарбаз Ербаян Мұхтар ауруханада жатқанда оның өкпесін пневмония басып, қосымша ірің аққан гайморит жұқтырған деген еді. Алайда, ата-анасы мен қорғаушысы оның бұндай жағдайға душар болуына әлімжеттік себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

Қорғаушысының айтуынша, Ербаянның ісіне қатысты тергеу тұралап қалған. Бір Ербаянның басынан өткен қиын жағдай әскерден мүгедек болып қатйқан, аман оралмаған сарбаздың тағдыры дейді ол.

 

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отырғанын естіген қазақстандықтар оның еміне жылу жинап берген еді. Қорғаушысының айтуынша, халықтан 230 млн теңге жиналған. Ата-анасы қазір Германияның бірнеше клиникасымен келіссөз жүргізіп жатыр. Алайда жиналған қаржы Ербаянның еміне ғана жетеді. Ал ауыр халдегі науқасты Еуропаға жеткізу үшін арнайы санавиация керек. Осы өтінішпен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жолықтық дейді ата-анасы.

Онымен қоса Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Сол себепті жақындары оның жағдайы ауыр екенін дәлелдей алмай отыр. Сондай-ақ, Ербаянды Еуропаға апару үшін төл құжатын да қайта жасатып жатыр екен. Себебі, құжатындағы фотосы қазіргі күйімен мүлдем сәйкеспейді. Ата-ананың ендігі үміті ұлдары аяғынан тұрып, қатарға қосыла екен. Қазір баласының ыммен сөйлесе бастағанына да әке көңілі разы.

Баспасөз маслихаты аяқталған сәтте Ербаянның қорғаушысы Инга Иманбаева денсаулық сақату министір Әлназаровадан жақсы хаьар жеткенін айтты. Министр Ербаян Мұхтарды Германияға жеткізіп беру мәселесі шешілгенін хабарлаған. Ербаянның отабысмен бірге, барша қазақстандық оның Еуропадан өз аяғымен жүріпк елгенін асыға күтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.