0:00 / 0:00
БҚО-да "Ғұбашевтар" әулетінде 7-ші несібелі нәресте дүниеге келд(і). 17 жыл отасқан отбасының қуанышын облыс әкімінің атынан құттықтай келген қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева оларға сыйлықтар табыстад(ы). Жарасымды жанұяның жағымды жаңалығы туралы тілші баяндасын.
Отбасы күніне орай өңірімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі «Дені сау ұрпақ» деп аталад(ы). Шара аясында перзантханаларда дүние есігін ашқан барша нәрестелердің ата-анасына аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің атынан құрмет көрсетілді.
7-ші баласын дүниеге әкелген Бөкей ордалық «Ғұбашевтар» әулеті көпке үлгі. Жарасымды өмір сүріп келе жатырған отбасының отасқандарына биыл 17 жыл. Көпбалалы ана құттықтап келушілерге өз алғысын білдіріп, жүрек жарды тілегін жолдад(ы).
Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған жанұялық дәстүрді дәріптейтін шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.