0:00 / 0:00
Сауда министрінің айтуынша, қолданыстағы жтұтынушыларды қорғау заңы ескірген. Заман талабына сай тұтынушы құқығын қорғау жаңа ережелерлді талап етеді. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» жаңа заң жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, медицина және туризм сияқты қаржы саласынан басқа дерлік барлық қызмет көрсету салаларын қамтиды. Жаңа заңмен не өзгереді? Енді өз құқығыңызды қорғау процедурасы қарапайым және жылдам болады. сотқа жүгіну процесі өзгереді. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіліп, қоғамдық ұйымдар азаматтардың мүддесін қорғау үшін кеңірек өкілеттілікке ие болады. Сондай-ақ, бизенстің жауапкершілігі енгізіліп отыр. Бұл орайда тұтынушылардың құқығын бұзған компаниялар қаржылық санкцияларға дейін ауыр жауапкершілікке тартылады. Жауапкершілік демекші депутаттар азаматтық авиация саласында тұтыншулырадың құқығы тапталып жатыр деп даурықты. Бұл орайда Мәжілісмен Базарбек авиа компаниялар мен әуежай басшыларының жаупакершілігін күшейтуді ұсынды. Себебі, аварейстердің кешігуі, билет құнын қайтарудан бас тарту сияқты мәселе көбейді.
Министр Шаққалиевтің айтуынша, енді авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100% қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды.
Дегенмен, тұтыншуының құқығы бұзылған жағдайда қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімі де жоқ емес. Олар медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары.
Ал егер қандай да бір техниканы несиеге сатып алған болсаңыз, техникадан ақау шыққан жағдайда несиеңіз тоқтатылады.
Сауда министрі тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңға соңғы түзетулер төрт жыл бұрын енгізілген. Алайда, оны қолдану тәжірибесі оның қазіргі уақыт талабына сәйкес келмейді дейді. Қазір көпшілік онлайн саудаға бет бұра бастаған. Алайда, бұл сауда түрінде бұзушылықтар да өскен. 2023 жылы шағым көлемі 7700 асса, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Жалпы тұтынушылардан түскен шағымдар көлемі жыл сайын өсуде. 2022 жылы 30 мың өтініш болса, 2023 жылы олардың саны 51 мыңға дейін артқан.