0:00 / 0:00
"AQ JOL" ҚДП ұлттық кеңесінің атынан су тасқыны салдарын жоюға белсене атсалысқан Орал қаласының 5517 ә/б сарбаздары марапатталды. Мәртебелі марапат иелері қиын шақта құтқарушылармен бірге батылдық танытып, апаттан зардап шеккендерге барынша көмек көрсеткен ед(і).
Президеттің соңғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолауында еліміздің басына төтеден төнген қатерлі кезең - су тасқыны туралы сөз етілд(і). Тақ иесі тасқынмен арпалысып, тағдырмен күрескендерді ерекше атап өтті. Шаһарымызда шырылдаған халыққа жұмыла көмек көрсеткен 5517 әсери бөлімшесінің сарбаздары "AQ JOL" демакратиялық партиясының атынан мәртебелі марапатқа ие болды. Оларға аталмыш партияның лидері Азат Тұрлыбекұлының жалынды сәлемі мен құттықтауын жеткізді.
Марапаттау рәсімінде облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов ерлердің ел үшін сіңірген еңбегіне өз көзімен куә болғандығын айтып, оларға алғыс білдірд(і).
БҚО ТЖД-ның ресми деректеріне сүйенсек, тасқын кезінде 1 сәуірден бастап млн 400 текше метрден астам еріген қар суы сорылып, млн-ға тарта қапшық , 26 645 тонна инертті материал төселген. Мұндай ауқымды жұмысты жауаптылармен бірге жұмыла көтерген еріктілердің еңбегі зор. Сын сағатта көмек қолын созған сарбаз Еламан Орынбасар да осы қатарда.
Тағы бір атап өтер жайт, дәл осындай мәтіндегі марапаттарды жуырда ғана Түркістандық ТЖД қызметкерлеріне «AQ JOL» ҚДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағанбет өңір халқының атынан арнайы барып табыстаған болатын. Енді міне, бұл үрдіс үзілмей өз өңірімізде қайта жалғасын тапты. Азамат елдің баласы бірін-бірі батыр дер. Ел басына күн туса елім деп еміренген ерлер қатары қашан да құрметке лайықты!