Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМҒА 15,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

c 09:35, 04/09 c 13

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы АЭС салу бойынша жалпыұлттық рефрендумды өткізуге сақадай сай отыр екен. Кеше ғана ел Президенті референдумның өтетін күнін жариялап, жарлыққа қол қойған еді. Бұл науқанға ОСК-ң 70 мың мүшесі қатыспақшы. Референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайды. Референдумды дайындауды және өткізуді ұйымдастыруға кірісіп жатыр. ОСК төрағасы Әбідров мырза референдумда бір ғана сұрақ болатынын баяндады. "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Оған иә немесе жоқ деген жауап беріледі. Осылайша, атом реакторының тағдырын қазақстандықтар алдағы 6 қазан күні кешеді. Айтулы науқанға 35 күн қалды. ОСК референдум өткізуге қазынадан 15,5 млрд теңге сұрап отыр.

Бұл қаражаттың 71 пайызы ОСК мүшелерінің жалақысына жұмсалады. Қалғаны ұйымдасытру жұмыстарына қарастырылып отыр.

2022 жылы өткен референдумға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 1 млрд теңгесін үнемдеп, қайтарып бергенбіз деп мақтанды комисися мүшелері. Енді бұл жолы да миллиардтар үнемделер деген үміт бар. Ал референдум өтетін күні жалпы 10 327 участок жұмыс істейтін болады. Оның 72-сі Қазақстаннан тыс жерде. Бұл жолы да сайлауда науқандатып жүретін мектеп мұғалімдері тартылмақ. Себебі, мектепсіз мұндай науқанды өткізу мүмкін емес деп отыр комиссия төрағасы.

Реферндумда дауыс беру 6 қазанда таңғы 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасатын болады. Референдум қорытындысы 7 күн ішінде жарияланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.