0:00 / 0:00
Қос палаталы Парламенттің бірлескен отырыстары өтетін жаңа залдан жасалған Жоладуда үкіметке артқан міндеттер көп. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы жолдауында экономиканы ырықтандыруға басымдық берді. Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын айтты. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр деді Президент. Бұл орайда Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет. Ол үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау керек.
Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным деді Тоқаев. Сондай-ақ, бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керектігін айтты. Жолдауда салық саясатын өзгерту мәселесі көрініс тапты. Президент салық режимдерін кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың нашарлап кетпеуін ескере отырып, оңтайландырған жөн. Бүкіл салық саясатын жиі өзгеріп жатқан фискалды ахуалға бейімдеу керек, соның ішінде салық мөлшерлемесін де қайта қараған жөн.Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажет деді. Бұл орайда Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізіп, оны келесі жылы қабылдауды тапсырды.
Тоқаев инветсициялық ахуалды жақсарту мәселесін тағы көтерді. Оның айтуныша кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отыр. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруді жүктеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларға халықаралық қаржы институттарын тарту қажеттігі айтылды. Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшіру қажет. Ал орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін 15 пайызға жеткізу міндеті тұр.