Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗАЧАГАНСК ПЕН ПОДСТЕПНЫЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

c 12:53, 02/09 c 15

0:00 / 0:00

Зачаганск кентінің Көкжиек шағын ауданында үлкен мереке. Көше бойлап салынған типтік үйлердің кілті кезек-кезекпен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға беріліп жатыр. Мамыр айында 80 үйдің құрылысы басталып, қысқа мерзімде пайдалануға тапсырылды. Жанұялардың қуанышына ортақтасып облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы барды.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ

ОБЛЫС ӘКІМІ

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 1 қыркүйекке дейін баспаналы болады дегенде бұл хабар сенімсіздік тудырған еді. Бүгінде үміт ақталды. Жаңа оқу жылына санаулы күн қалғанда жаңа пәтердің кілтіне қол жеткізіп отыр. Отбасылардың қуанышында жек жоқ.

АЛЬМИРА ТӨЛЕГЕНОВА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Салтанатты іс-шарадан соң аймақ басшысы Абдрахмановтардың шаңырағында болды. 5 ай бала-шағасымен Жәңгір хан университетінің жатақханасын паналаған отбасы сын сағатта қолдау білдірген жерлестеріне риза. Нариман Төреғалиев баспана құрылысына жергілікті компаниялар тартылып, құрылыс сапасы тікелей өз бақылауында болғанын жеткізді. Алда көше жолын жөндеу жұмыстары басталса, келер жылы балалар ойын алаңы салынбақ.

НҰРЖАМАЛ ЕРМЕКОВА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Сондай-ақ табиғи апат зардабын тигізген теректілік тұрғындар да мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрді. Тасқын кезінде 105 үйді су басқан. Конституция күнінде облыс әкімінің орынбасары Тілапберген Каюпов Подстепный ауылының тұрғындарына пәтер кілттерін табыстады.

ТІЛЕПБЕРГЕН КАЮПОВ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Зейнеткер Күләш Мұханбетжанова - Подстепный ауылының байырғы тұрғыны. Көктемгі төтенше жағдай кезінде баспанасын су басып, бір-ақ күнде 60 жылдай құтты болған шаңырағын тастауға мәжбүр болған. «Бір қиындықтың артынан жақсылық келеді демекші, мемлекеттің, қайырымды кәсіпкерлердің қолдауын сезіндік»,- дейді қоныс той иесі.

КҮЛӘШ МҰХАНБЕТЖАНОВА

АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Облыс көлемінде 775 тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінде Бөрлі, Сырым, Теректі ауданындағы отбасылар баспанамен толықтай қамтылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.