0:00 / 0:00
Жазғы демалыс аяқталып, білім күнінде оқу ордалары есігін қайта айқара ашты. Облыста 125 мыңға жуық оқушы білім алады. Оларға 20 мыңға тарта педагог тәлім-тәрбие бермек. Білім саласындағы жаңашылдықтың бірі - біртұтас бағдарлама аясында ата-аналар да тәрбие жұмысына араласады. Өңірдің бас ұстазының айтуынша, биыл 13 мың бала 1 сыныпқа қабылданды.
ЕЛДОС САФУЛЛИН
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Оралдағы №37 жалпы орта білім беретін мектеп кезекті оқу жылын 2421 оқушымен бастамақ. Оның 300-ден астамы - мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып оқушысы. Өткен оқу жылында №37 мектептің білім сапасы 66,3 пайыз болса, жаңа оқу жылының жоспары - білім көрсеткішін одан әрі арттыру. Бұл орайда тәжірибелі ұстаздар шығармашылықпен жұмыстануды жалғастырады.
((СНХ: АЛТЫН ЖҰМАҒАЛИЕВА
№37 ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ
1 қыркүйек - мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен 11-сынып оқушылары үшін толқынысты сәт. Қолдарына гүл ұстаған шәкірттердің бірі білім әлеміне енді қадам басса, жоғары сынып оқушылары үлкен өмірге жолдама алу сатысында тұрады. Бұл сәттердің куәсі болған ата-ана үшін екі есе қуаныш болмақ.
ЖАСҰЛАН ДОСҚАЛИЕВ
АТА-АНА
Айта кетсек, білім күніне арналған салтанатты шарада 1-ші және 11-сынып оқушылары ғана сап түзеді. 2 қыркүйектің бірінші сабағы «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы дәстүрлі тәрбие сағатымен басталды.