0:00 / 0:00
«Әлемдік атом энергетикасын дамыту» тақырыбында өткен көрмеде төрт елдің компаниясы өз тәжірибесімен бөлісті. Айта кету керек, көрме Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық республикалық референдум өткізу қарсаңында өтіп жатыр. Мұнда атом электр станцияларын қолданып отырған, ядролық технологиясы дамыған елдердің тәжірибесі ұсынылды. Бас энергетик Сәтқалиевтің айтуынша, ядролық технологиялар энергия өндіруде және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Атом энергетикасын дамытудың маңыздылығын және АЭС-тің негізгі энергия көзі ретіндегі қажеттілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді деген үмітте министр. Бұған дейін энергетиктер Қазақстанға 4 атом электр станциясы қажет екенін айтқанды. Жаңа АЭС көмірді ығыстырып, қоршаған ортаны ластауды азайтар еді дейді мамандар. Ал бүгінде көмірді қолданып отырған ЖЭО тек электр энергиясы ғана емес жылумен қамтып отыр.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТКИА МИНИСТРІ «Қазір бір станция салу мәселесі тұр. 2040 жылы көмірден бас тартуымыз керек болса, 2060 жылы қалдықтардың ауаға тарауын нөлге теңестіруіміз қажет. Ал атом энергетикасына балама жоқ. Қазақстанда АЭС салуға екі алаң қарастырылып отыр. Олар –Балқаш пен Курчатов»
Көрмедегі 4 елдің ұсынған өнімін көріп шыққан министр шағын модульді АЭС салу туралы ойын тағы да қайталады. Шағын АЭС 2-3 жылдың ішінде салып шығуға болады. Өйткені жабдықтың көп бөлігі зауыттарда сериялық түрде жасалады және жеке модульдер түрінде орнына жеткізіледі. Ықшам дизайндағы реакторларды жер астына да орналастыруға болады. Және бұл қауіпсіз дейді мамандар. Қандай да бір ауытқулар болған жағдайда реактордың өзі қауіпсіз тоқтатылады және адамның қатысуынсыз салқындатылады. Шағын АЭС шалғай аудандарда жұмыс істеуге бағытталғандықтан, олар күрделі қызмет көрсетусіз ұзақ жұмыс істей береді. Ең бастысы, шағын көлемді ядролық реакторларды жылу станцияларының инфрақұрылымына кіріктіруге де болады. Тек көмір қазандықтарын алып тастап, соның орнына орналастыра салады.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТКИА МИНИСТРІ «Шағын модульді реакторлардың технологиясы дамып жатыр. Самсунг ұсынған стендте өте жақсы тұсаусер болды. Американдық NuScale корпорациясымен өте тиімді шағын қуатты реактор әзірлеген. Осы шағын модульді реакторлармен көмірді алмастыруға болады. Қазір төрт компанияның мүмкіншілігін көрдік. Қосымша амрикандық технология NuScale де қарастырып жатырмыз. Нақты шешім референдум өткен соң ғана қабылданады»
Оңтүстік Корея станция құрылысына қажетті жабдықтардың 70 пайызын отандық өніммен қамтимыз десе, ресейлік компания энергетикалық нысанды 9 баллға дейінгі жер сілкінісіне төзімді деп таныстырды. Ал Қытай кәсіпорны құрылысты қысқа мерзімде аяқтауға дайын. Шамамен әр энергоблокты 69 ай ішінде іске қоспақ. Франциялық компанияның да бұл салад тәжіибесі мол, халықаралық беделі зор,- дейді министр. Францияда энергияның 75 пайызы ядролық энергетикадан алынады. Ал Қытайда 57 атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Тағы 47 станция салынып жатыр.