Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«TALPYN» МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

c 17:44, 28/08 c 19

0:00 / 0:00

«Талпын» - жұмыссыз тұлғалар мен кәсіпкерлердің басын қосатын мүмкіндіктер алаңы. Мұнда «Ауыл аманаты» бағдарламасы, «Бір ауыл - бір өнім» жобасы, кәсіпкерлікті қолдау шараларының шарапатын көрген табысты азаматтар нәтижемен бөліседі. Соңғы екі жылда 800-ден астам адам қайтарымсыз грант иеленген. 21 мен 35 жас аралығындағы жастар 2,5 пайызбен 1 млрд 200 млн тг, сондай-ақ мыңға жуық адам «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несиемен қамтылған. «Бұл ауқымды қаражат өз кәсібін ашамын деген жастарға жасалған қолдау»,- дейді облыс әкімі.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ

ОБЛЫС ӘКІМІ

Мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алып, жобасын жүзеге асырғандардың бірі - Ережеп Халимуллин. Шебер ағаштан бұйымдар жасайды. Бұл жұмысқа деген қызығушылығы бала кезінде басталғанын айтады.

ЕРЕЖЕП ХАЛИМУЛЛИН

АҒАШ ШЕБЕРІ

Аталмыш іс-шарада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыссыз, оқуын тәмамдаған студенттерге арнап 50-ден астам жұмыс беруші 700-ге жуық маман қызметін ұсынды.

САЯН БАЙМҰХАНОВ

ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мүмкіндіктер алаңындағы маңызды шараның бірі - жастарға арналған мотивациялық кездесу. Басқосуда спикерлер қатысушыларды биік мақсаттарға жетуге шабыттандырар табыстарымен бөлісті. Жастар талқылауға белсене қатысып, сұрақтарын қойып, жоспарларымен бөлісті.

НҰРДӘУЛЕТ АМАНГЕЛДІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ СТУДЕНТІ

Айта кету керек, іс-шара аясында еңбек нарығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпкерлер марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.