Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тартысты дода

c 16:40, 28/08 c 17

0:00 / 0:00

30 тамыз Конституция күні қарсаңында күштік құрылым қызметкерлеріне арналған спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сала қызметкерлері арқан тартысып, кір тасын көтеруден жарысты.

"Орал" спорт клубында тұңғыш рет күштік құрылымдар арасында арқан тартыс пен кір тасын көтеруден жарыс өтті. Сайыста 7 команда бақ сынады.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған дода тартысты өтті. Жанкүйерлер қиқулап, қатысушыларды қолдады. Әрбір сынның оңайға соқпағанын анық аңғаруға болады. Сайыстың бас төрешісі күштік құрылымдар жеңіске жету үшін қатысушылардың барын салғанын атап өтті.

Күштік құрылымдар арасында ынтымақтастықты арттыру мен қызметкерлердің физикалық дайындығын пысықтауға арналған іс-шарада жеңімпаздар марапатталды. Келешекте, қызметкерлер арасында футбол, волейбол мен самбодан жарыстар өтпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.