0:00 / 0:00
Күні кеше Мария Бровкова Париж олимпиадасына қатысып, Оралдағы халықаралық әуежайда жерлестерінің ықыласына бөленсе, бүгін міне, Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері ретінде елге оралды. Түн жарымына қарамастан батысқазақстандық ескекшіні жеңісімен құттықтауға келушілердің қарасы қалың.
ЖЕҢІС НЫҒМЕТУЛИН
БҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
МАРИЯ БРОВКОВА
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭ ЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Байдарка мен каноэ есуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті. Байрақты бәсеке қатысушылардың жадында ұзақ уақытқа сақталмақ. Марияның анасы әрі жаттықтырушысы Елена Бровкова жарыстың ұйымдастырылуы ғана емес, су спортына арналған базаның өзінде бар жағдай жасалғанына тәнті екенін жеткізді. «Мұның өзі спортшылардың жеңіске жетуіне жасалған қолдау»,- дейді.
ЕЛЕНА БРОВКОВА
М. БРАВКОВАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Облыста байдарка мен каноэ спорты қарқынды дамуда. Қазақстан бойынша Батыс өңірі үздік бестіктің қатарына кіреді. Бұл тізімде Мария Бровкованың үлесі мол. Сондай-ақ Машаның ізін жалғастырған жас жеткіншектердің жетістігі де көңіл қуантарлық.