Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС КЕРЕК ПЕ?

c 10:07, 28/08 c 59

0:00 / 0:00

Сонымен Қазақстанда АЭС салу мәселесін шешу сәті де жақындап қалған сияқты. Ендігі 20 тыңдалым өтіп, бұл мәселені үкімет отырысына шығарып талқылады. Өздеріңізге мәлім, АЭС салу, салмау мәселесін алдағы уақытта өтетін референдумда халық шешеді. Ядролық реакторды салуға қатысты қоғамның пікірі екіге жарылды. Бұл ұсынысты қолдаушылар да, қарсылар да бар. Халық арасында Атом электр станциясына бөлінген қаржы ұрланып, жемқорлыққа ұласады, салдарынан сапасыз станция салынып, қауіпсіздік мәселе туындайды деген пікірлер бар. Кейбір сарапшылар әзірге атом станциясын салмай, энергия көзін желден, судан, газдан тартуды ұсынып жатыр. Алайда, үкімет басшысы жаңартылған энергия көзі қажеттілікті толық қамти алмайды дейді.

Ал АЭС салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын айтты премьер. АЭС салынса 2 мың адамға жұмыс табылады. Ал, атом станциясында қызмет ететін бізде маман бар ма деген сұрақ туындайды.

Мамандардың айтуныша, егерде референдумда халық дауыс беріп, елімізде АЭС салынатын болса, Қазақстанда екі энергоблок салынады. Олар екі WWER -1400 немесе WWER-1800 қос блоктан тұрады. Екі энергоблок АЭС-тің отынын ауыстырып отыру үшін керек дейді Сахиев мырза. Олар тез арада жасалмайды, ауыстыру процесіне кемі үш ай кетеді. Сол кезде блоктың біреуі жұмысын тоқтатады. Оның айтуынша, егер 2035 жылы АЭС салынып бітсе, ондағы 2,4 ГВт немесе 2,8 ГВт энергия еліміздің ішкі қажеттілігінің тек 9 пайызын өтейді. Бірақ электр энергия 24 сағат тоқтаусыз беріледі. Жалпы АЭС 7 жыл жуық уақытта салынады. Сондай-ақ, бұған дейін өткен тыңдалымда белсенділер АЭС шыққан қалдықтарды сақтау мәселесін де көтерген болатын.

АЭС бойынша референдум өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы Президенттің қарауына ұсынылды. Осыған қарағанда алдағы жақын күндері мемлекет басшысы референдумнің өтетін күнін жариялауы да мүмкін. Ал халық қолдап жатса АЭС 2032 жылдан кейін салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.