Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жеңіспен оралды

c 09:54, 28/08 c 15

0:00 / 0:00

Оралдық таэквондошылар "Азия" чемпионатынан жеңіспен оралды. Жарыс Үндістанның Бангалор шаһарында 19 тамыз бен 25-і аралығында өтті. Тартысты додаға 26 елден мыңдаған спортшы қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша еліміз командалық есепте 2 орынға ие болды. Тек қазақстандық құрама Оңтүстік Кореяның спортшыларына есе жіберіпті. Еліміздің құрамасының сапында батысқазақстандық өрендер өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемдік сайыста Алесандро Карбоне 18 жасқа дейінгі балалар арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды. Жас өрен бұған дейін де Еуропа мен Әлем біріншілігінде топ жарып, алтынды қанжығаланған еді.

Үндістанның Банголор қаласында таэквондодан Азия біріншілігі өтті. Тартысты доданың нәтижесі бойынша "Ахметов теам" командасының мүшелері 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола еншіледі. Үнді жерінде өткен сайыста жас спортшы Алесандро Карбоне екі дүркін Азия чемпионы атанды. Бұған дейін болашағынан көп үміт күттіретін жас спортшы Еуропа мен Әлем біріншілігінде топ жарып, алтынды қанжығалаған еді.

Жарыста топ жарған жас спортшыларды Ақжайық жұртшылығы қошеметпен қарсы алды. Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын қорғаған спортшылар қараша айында Өзбекстанның астанасында өтетін Әлем кубогіне дайындалмақ. Қазіргі таңда "Ахметов теам" командасында 300-ден астам жас спортшы жаттығады. Тәжірибелі бапкер өрендерді 4 жастан бастап қабылдайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.