Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРИЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

c 09:08, 27/08 c 14

0:00 / 0:00

Биыл көктемде 2011 жылы орын алған табиғи апат қайталанып, Батыс Қазақстан өңірі тасқын судың құрсауында қалды. Аудандар мен облыс орталығында төтенше жағдай жарияланып, сала өкілдері мен тұрғындар күш біріктірді. Тасқынмен күресте Оралдағы 99250 әскери бөлімінің қызметкерлері алдыңғы шепте жүрген-ді. «AQ JOL» ҚДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет, облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов, қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин, партияның облыстық кеңес мүшесі Рахат Әжіғалиев көппен бірге күш біріктірген әскерилердің көзсіз еңбегіне алғыс айтты. Салтанатты жиында «Aq jol» ҚДП Ұлттық кеңесінің шешімімен 10 әскери қызметшіге «Апатпен күрескені үшін» медалі табысталды.

ЕРЖАН ХАСАНОВ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

99250 әскери бөлімінің мамандары төтенше жағдай кезінде өзен жағалауында қорғаныс бөгеттерін салып, азаматтарды қауіпсіз жерге көшіру шараларына атсалысты. Асылбек Түгелов 12 жылдан бері бұл салада қызмет атқарады. «Сын сағатта халықтың бірлігін сақтап, жақсы іске ұйытқы болу - әр перзенттің міндеті»,- дейді алғысқа бөленген әскери.

АСЫЛБЕК ТҮГЕЛОВ

99250 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КҮЗЕТ РОТА СЕРЖАНТЫ

«AQ JOL» партиясы су тасқыны кезеңінде әр сала қызметкерлерінің белсенділігі мен ерлігін бағалаумен келеді. Бұл жолы партия тарапынан әскерилердің табандылығы мен батылдығы ескерусіз қалмады. Салтанатты жиында ақжолдықтар партия лидері Азат Перуашевтың құттықтауын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.