Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ

c 08:52, 27/08 c 68

0:00 / 0:00

Қазір қоғамда буллинг аздай, кибербуллинг атты кесел пайда болды. Ең сорақысы оның құрбандары ес білетін ересектер емес, оң-солын танып үлгермеген балалар. Осыған орай «Кәмелетке толмағандар арасындағы жәбірленудің алдын алу» туралы брифинг ұйымдастырылды. Құқық қорғау органдары дерттің алдын алу шараларын ширатып, заң жүзінде жазалау жұмыстарына тоқталып өтті.

Күшпен немесе сөзбен өзгені қорлау - буллинг. Оның 3 түрі бар: физикалық немесе ауызша шабуыл, баланы топтан шығару, балаға тікелей немесе жанама түрде зиян келтіру. Сәйкесінше біреуді кекетіп-мұқатқаныңыз үшін де заң алдында жазаланасыз. Егер бұл әрекет қайта қайталанатын болса айыппұл мөлшері өседі. Ал буллинг жасаушы кәмелетке толмаған адам болса, ол үшін ата-анасы өзіне жауапкершілікті алатын болады.

ДИЛЯРА САТАРОВА
БҚО ПД ЖПҚБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ
127-2-бапқа сәйкес буллинг және кибербуллинг бойынша кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу - ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет - ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. ))

Облысымызда бұл заң бойынша жазаланғандар бар ма өзі?! Аталмыш қоғам дертімен күрес қарқыны қалай жүруде? Бұл сауалға жауаптының жауабын тыңдап көрейік.

Мамандардың талдау нәтижесіне сүйенсек, өңіріміздегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер мен студенттер арасындағы қылмыстардың басым бөлігі ҚР ҚК 131 бабы - «Қорлау», 191 бабы - «Тонау» және 194 бабында - «Қорқытып алу» бойынша құқық бұзушылықтар көптеп орын алған. Аталмыш қылмыстарға қатысты іс-шаралар БҚО ПД бастығының жеке қадағалауында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.