Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пікірсайысшылар "AQ JOL JUNIOR CUP” кубогін сарапқа салды

c 17:45, 23/08 c 28

0:00 / 0:00

"AQ JOL" демократиялық партиясы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен “AQ JOL JUNIOR CUP 2024” Батыс Қазақстан облысының пікірсайыс турнирі басталды. Отыздан аса команда республикалық кезеңге жолдама алу үшін сынға түсуде. Турнирдің ашылу салтанатына партия филиалы төрағасы Серік Ролланұылының орынбасары Бағдат Ізмағанбет, «AQ JOL» ҚДП облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов және қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин, сарапшылар мен студенттер және командалар қатысты. Партияның республикалық Жастар кеңесінің төрағасы Ханзада Насруллаев ойыншыларға ақ жол тіледі. Бұл партияның облыстық филиалы мен оның Жастар ұйымы әріптестерінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отырған өңірлік жастар пікірсайысы. Оған 30-дан аса командада өзіндік ойлары бар 100- ден аса белсенді жас қатысты.«Еститін Үкімет» ашық қоғамын құру - бұл ел Президетінің бастамасы. Жастар кез - келген қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан демократиялық қоғам құруда жастардың орны бөлек. Елімізде білім беру, әлеуметтік-мәдени дамумен бірге жастарға саясатқа араласуда да үлкен мүмкіндік жасалған. Соның бірі - мәслихат мен мәжілістегі депутаттық құрамдағы жастар квотасы. Болашақ саясаттанушы, ғалым мен басқарушы менеджерлер ұлттық рухы биік, ойы жүйрік, білімді жастардың арасынан шығатыны сөзсіз. Осындай дебаттар жас буынның шыңдалуына зор ықпалын тигізбек.Бұдан бөлек пікірсайыс турнирінде еліміздегі демократиялық үрдісті дамыту үшін екі партиялы жүйенің тиімділігі және «Демократияшыларға» жасалынып жатқан идеализация қарарлары талқыланды. Дебат британдық парламенттік форматта өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1-ші орын -80 мың, 2-ші орын - 60, ал үшінші орын -40 мың теңге. Және түрлі сертификаттар мен сыйлықтар табысталады. Пікірсайыс турнирінің жеңімпазы республикалық сынға жолдама алады

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.