Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындарға тарту

c 16:56, 23/08 c 17

0:00 / 0:00

Шекара шебінде орналасқан Бейбітшілік ауылының тұрғындары үшін ерекше күн. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер өз қаражатына жаңа әкімдіктің ғимаратын салып, тұрғындарға тарту жасады. Айтулы мерекеге облыс әкімі арнайы келді.

Су жаңа ғимаратты ауыл тұрғындары ерекше ықыласпен қабылдады.

Жаңа ғимаратта полиция бөлімшесі де жұмыс істейді. Тәртіп сақшысы жаңа жұмыс орнында тәулік бойы ауылдың тыныштығын күзетпек.

Тұрғындар ауылдың өркендеуі үшін салынған ғимараттың ашылғанына дән риза. Ақжаулықты аналар мен ақсақалдар арнайы келіп, қызықты тамашалады. Әсіресе, 18 жыл ауылдық кеңесте жұмыс істеген Рауза Дәулетова қуанышында шек жоқ.

Жомарт жандардың ел мен жерге жанашырлығының арқасында шалғайдағы ауылда жаңа ғимарат бой түзеді. Игі бастама әкімдік пен полиция қызметкерлерінің алаңсыз, елдің қамы үшін жұмыс істеуіне арналған. Бұған дейін әкімдік қызметкерлері өткен ғасырдың 20-жылдары салынған поштаның ғимаратын пайдаланып келді. Жаңа нысан жұмыстың әлеуетін күшейтуге өз септігін тигізбек.
Бүгінгі таңда Бейбітшілік ауылында 1045 адам өмір сүреді. Тұрғындар үшін мектеп-бөбекжай- балабақша кешені мен дәрігерлік амбулатория және спорт кешені жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.