0:00 / 0:00
"Балаларымыз қайда оқиды?". Осындай сауалды Сәкен мен Айти мектептің ата-аналары маусым айынан бері қойып келеді. Күрделі мәселе жаңа оқу жылы басталар шақта өз шешімін таппай отыр. Оқуға санаулы күн қалғанда ата-аналар балаларын қай мектепте оқытарын білмей дал. Өткен жұмада бір топ ата-ана білім басқармасына барып, мән-жайды анықтап, мәселені шешуді талап еткен еді. Араға бір апта салып, олар облыстық әкімдікке әділдік сұрап барды.
"Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" маусымда басталды. Екі ай бұрын Сәкен мен Айти мектепке оқуға түскісі келетін оқушылар арнайы тест тапсырады. Сол сынақтан бастап оқушылардың қай мектепке оқитыны туралы сауалға жауап табылмай келеді. Ата-аналар жаңа оқу жылы қарсаңында балаларын қай мектепке оқытарын білмей дал. Өткен аптада бір топ ата-ана әділдік іздеп, білім басқармасына барған-ды. Сол кезде мән-жайды зерделейтін комиссия құру туралы ұйғарымға келді. Комиссия 3 күннің ішінде мәселені зерттеді.
Жыл сайын Сәкен мен Айти мектепке оқушыларды оқуға қабылдау жұмысы үшін арнайы тендер ұйымдастырылады. Бұрындары мемлекеттік тапсырысты "Дарын" мекемесі ұтып келген. Осы екі жыл көлемінде өзге мекемелер жеңіске жетіпті. Алайда өткен жылы ұтқан компания "Дарынмен" бірлесіп, емтихан өткізген. Биыл "Недвижимость сити немесе Абырой" компаниясы тендер ұтқан. Мектеп әкімшілігі сынақта академиялық адалдық болады дегенді айтады. Мердігер компания емтихан қарсаңында сынақ тапсыратын орынды 3 рет өзгерткен. Бұл күрделі мәселеде 3 тарап бар. Бірі-емтиханды естімегендер, бірі-тесттен құлағандар, соңғысы-емтиханнан сүрінбегендер.
Балалары сынақтан сүрінбей өткен бір топ ата-ана облыстық әкімдікке келіп, аймақ басшысы орынбасарының қабылдауына жазылыпты. Алайда әкімнің орынбасары іс-сапарға кетуіне байланысты тұрғындарды қабылдамады. Қабылдау залында тек білім басқармасы басшысының орынбасары болды. Ата-аналар басқарманың жауабын білеміз деп, басшы орынбасарына сұрақ қоюдан бас тартты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін білім басқармасынан сұрадық. Алайда мемлекеттік мекеме сот болып жатыр, 3-ші тарап араласпау керек деп қысқа қайырды. Қос мектепке тапсырған балалардың мәселесі әлі өз шешімін таппай келеді. Оқуға санаулы күн қалғанда 700-ге жуық баланың қай мектепке оқитыны әлі белгісіз.