0:00 / 0:00
БҚО-да тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, басқа да ғимараттар құрылысы қарқынды. Осыған орай электр энергиясына деген сұраныс та артып келеді. Десе де, облыста электр желілері мен қосалқы станциялардың тозығы жеткен. Оны азайту үшін 3 жыл ішінде жалпы сомасы шамамен 20 млрд теңгеге 2019,5 шақырым электр желісі мен жабдықтарын қайта құру жоспарлануда.
МИРАС МҮЛКӘЙ
БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сондай-ақ облыста 2500-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар, оның 65-і апатты жағдайда, 340-тан астамы тозығы жеткен. 2015 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатын жүзеге асыру үшін апатты жағдайдағы 34 үй сүріліп, 16 жаңа үй салынды. 1145 пәтер пайдалануға берілді, оның 262-сі апатты үйлердің тұрғындарына арналған. Сондай-ақ аудандағы ПИК-терге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
МИРАС МҮЛКӘЙ
БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыс бойынша мемлекеттік қордан баспана алу кезегінде 30 мыңнан астам адам тұр. Оның ішінде 20 мыңға жуық отбасы халықтың әлеуметтік осал тобынан, 4 мыңға жуық көпбалалы отбасы. Жыл басынан 124 мұқтаж азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілген.