0:00 / 0:00
Орал қаласында өңірлік кадрлық резервтің 3-ші іріктеу кезеңі өтті. 49 маман облыстық әкімдікте сұқбатқа қатысты. Жас мамандар өңірдің дамуы үшін идеяларын ортаға салып, жобаларын таныстырды.
1 наурызда өңірлік кадрлық резервке қабылдау басталды. Бұл- мемлекеттік қызметке жастарды көптеп тартуға бағытталған жоба. Сынақтан сүрінбей өткен кез-келген жас мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады. Кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
Құрылымдық сұқбатқа 44 адам қатысты.Облыс әкімі комиссия төрағасы болды. Аймақ басшысына жастар өлкенің дамуына арналған идеяларын таныстырды. Олар идеясын айтып ғана қоймай, мәселелерді шешудің оңтайлы жолын ұсынды.
Іріктеуден өткен қатысушылар өңірлік жастар резервіне қабылданады. Жастар осы резервтың құрамында 2 жыл болады.
Сурет https://www.gov.kz/memleket сайтынан жүктелді.