0:00 / 0:00
БҚО-да 2024 жылдың 7 айында 186 адамның туберкулезді жұқтырғаны анықталды. Өткен жылы осы уақытта 196 батысқазақстандықтың жұқпалы дертпен ауырғаны белгілі болды. Дәрігерлер аурушаңдық көрсеткіші 5,6 пайызға азайды,-дейді.
Оралда түберкулезбен күреске арналған адвокациялық кеңес өтті. Оған республикалық фтизопульмоногиялық орталықтың өкілдері, дәрігерлер мен қоғамдық ұйымның мүшелері қатысты. Жиында туберкулездің таралуын тоқтату мен сырқаттан көз жұму жағдайларын азайту жөнінде айтылды. 2024 жылдың 7 айында 186 адам жұқпалы індетті жұқтырғаны анықталды.
Қазіргі таңда жұқпалы індетті анықтау мен емдеу ісі жолға қойылған. Замануи дәрі-дәрмектің арқасында сырқатты емдеудің уақыты айтарлықтай қысқарды. Бұрындары 1-2 жыл көлемінде ем-дом шаралары жүргізілсе, қазір оның уақыты 6-9 айға дейін қысқарды. Дертті анықтау үшін G-Xpert әдісі кеңінен қолдануда.
Облыс аумағында "Туберкулезді тоқтатуға арналған" жол картасы қабылданды. Соның аясында әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында қоғамдық ұйым өкілдеріне түсіндіру жұмыстарына қаражат бөледі. Әрбір азаматқа індеттен қорғану жолдары мен ауырып қалған жағдайда ем-дом протоколдарын түсіндіру мәселесі күн тәртібінен түспейді. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас дені сау 10-15 адамға індетті жұқтыруы мүмкін.