Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көптен күткен жол құрылыс аяқталды

c 17:24, 21/08 c 51

0:00 / 0:00

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы» автожолының 95-138 шақырымы аралығындағы учаскесінде 42 шақырым жолды күрделі жөндеуді аяқтады. БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов жолдың ашылу салтанатына қатысты.Құрылысы төрт жылға созылған «Казталов -Жәнібек- Ресей Федерациясы" жолының құрылысы аяқталды. Кезінде бұл жол түрлі қаржылай қиындықтарға байланысты және түрлі жағдайлар салдарынан кешеуілдеген болатын. Міне, енді "сабақты ине сәтімен"- демекші жол ашылып, халық риза. Көліктер қатынап жатыр. Осылайша бұған дейін көктем мен күздегі балшықта, қыстағы боранда қиналған халық енді облыс орталығымен кедергісіз қатынай алады. «Казталов -Жәнібек- Ресей Федерациясының» жол құрылысына қазынадан 87,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Айта кеткен жөн, бұл жерде бұрын тас жол мүлде болмаған. Жаңадан асфальт төселіп, 17 су өткізгіш құбыры орнатылыпты.Енді Бөкейордасымен қатаныс жақсарып, туризм саласы да дамитын болады. Алыстағы ағайынның қуанышына ортақтасқан облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов ақ жарма тілегін жеткізді.Құрылыс маусымының басынан бері жобаны жүзеге асыру үшін 85 бірлік арнайы жол-құрылыс техникасы мен 150-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен қатар, 100 мың тоннадан астам асфальтбетон қоспасы төселді. Қазіргі таңда жол жиектерін нығайту, өтпелерді орнату мен жолды абаттандыру, оның ішінде жол белгілері мен таңбалау жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында модульді санитарлық-гигиеналық торабы бар демалыс алаңдарын салу қарастырылған. Жылдың соңына дейін жобаны толықтай аяқтау жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.