Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Теректілік 50 отбасы баспаналы болды

c 17:07, 21/08 c 18

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Көктемгі су тасқыны салдарынан үйі жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болды. Үйлердің кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.Мәдениет үйінің алдына жиналған отбасылардың көңілдері шат. Күн суымай су жаңа үйлерінің кілттерін қолдарына алып, үкімет басшыларына ақ баталарын жаудырды. Олар енді қоныс тойының қамына кіріспек.Тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қоныс иелерін құттықтады. Ауданда 130 үйдің 50-нің құрылысы аяқталды. Қалған 80 үй айдың аяғында тәмамдалмақ.Теректі ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 30 үй сатып алынып, 395 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Лаура Нысанованың үйі су тасқыны кезінде жарамсыз деп танылды. Бүгін ол жанұясымен бірге қоныс тойын тойлап жатыр.Ауылдағы үйлер зардап шеккен тұрғындардың келісімімен өздері таңдаған жерлерде бой көтерген. Құрылыс жұмыстары маусым айының 10-шы жұлдызында басталған. Мұндағы қалған үйлердің 90 пайызы аяқталған. Осындай баспана кілттерін беру рәсімі Сырым ауданында және ауданға қарасты бірнеше ауылда өтті. Бұл туралы алдағы хабарларда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.