0:00 / 0:00
Казталов ауданында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттарды иеленген жандардың қатары жыл санап артып келеді. Биыл мемлекеттік қолдау алу үшін 56 адам 2 лек бойынша өтініш беріпті. Оның 41-і кәсібін ашты. Бұл үшін қазынадан 59 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Экономиканы шағын және орта бизнес субъектілері дамытады. Жыл санап ауданның экономикалық әлеуетін дамытып, жақсарту үшін мемлекеттік грантқа деген қызығушылық артып келеді. Биыл Казталов ауданында 41 тұрғын мемлекеттік қолдаудың шарапатын көріп, бизнес бастады.
Бақдәулет Әміров,Казталов аудандық "Мансап" орталығының құрылымдық бөлімше басшысы:
-Жалпы бағыттары бойынша тоқталып кететін болсақ, жылыжай, мал шаруашылығы, балмұздақ өнімдері, дөңгелек жөндеу, кір сабын өндірісі және кондитерлік өнімдер,-дейді.
Мемлекеттік гранттың шарапатын көрген жанның бірі-Марат Губайдуллин. 2 топтың мүгедегі бауырымен бірге кір сабын жасайтын цех ашыпты. "Демокс" аппаратының көмегімен шикізаттан сабын өндіріп, саудалауда.
Талғат Байдуллин, Казталов ауданының тұрғыны:
-Сомасы млн 200 аппарат алып. Қазір таңда осы өзіміздің ісімізді істеп жатырмыз. Сабын шығарып. Граммы 200 гр, 300 грамдық сабын. Қазіргі таңда осы өзіміз ауылдық магазиндерге таратып, жақсы өтуде. Күніне 250-300, 350 дана сабын шығарып, өткізіп жатырмыз,-дейді.
Кір сабын өндірісін бастаған кәсіпкерлер өнімін аудан мен облыс орталығында саудалап отыр. Кәсіп иелері болашақта иіс сабын, сұйық пен ұнтақ сабын шығару үшін білек сыбана жұмыстанбақ.
Сурет https://elordainfo.kz/ сайтынан жүктелді.