Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына дайындық

c 18:08, 19/08 c 26

0:00 / 0:00

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. 2024-2025 оқу жылының сапалы әрі қиындықсыз өтуі үшін тыңғылықты дайындық қажет.

Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін заман талабына сай жабдықталған мектеп керек. Облыста 10 үш аусымда оқитын, 16 апатты деп танылған білім ордасы бар. Осы мәселені жою үшін аймақта "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 18 мектептің құрылысы жоспарланды.

Жаңа ғимараттың құрылысынан бөлек, алты мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Екі нысанның жөндеуі өткен жылы басталды.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті оқу процесін бақылап отырады. Мемлекет басшысы оқушылардың әлеуметтік статусына қарамастан ыстық тамақпен қамтуды тапсырған еді.

Жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларды оқулықтармен қамту ісі де бақылауда. Биыл облыстық бюджет есебінен 13 баспадан 661 754 дана кітап сатып алынды. Оқулықтарды тасымалдау үшін қазынадан 33,5 мнл теңге бөлінді. Кітаптарды толықтай өңірге тасымалдау ісі 25 тамызда аяқталады деп күтілуде.

СУРЕТ https://qarmaqshy-tany.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.