Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

О дүниеден оралған адам

c 14:03, 15/08 c 40

0:00 / 0:00

Қағаз жүзінде қайтыс болған оралдық несиесін төлей алмай жүр. Тірі екенін дәлелдей алмаған Гүлайна Айтасова қайда барса да мардымды жауап алмапты. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Гүлайна Айтасова бір айдан бері несиесін төлей алмай жүр. Мән-жайды білу үшін банкке хабарласқанда өзінің 4-шілдеде Астана қаласындағы емханада қайтыс болғанын біліпті. Бақилық болғанына таңғалған ауылдық енді банкке берешегім көбейіп кете ме деп алаңдаулы. Өйткені жүйе төленер ақыны қабылдамай тұр.
Құжатта өлілердің қатарына қосылған тұрғынға дәрігерлер түсіністік танытыпты. Дегенмен Гүлайна Айтасоваға өзінің тірі екенін дәлелдеу оңай болмай тұр. Ал жауапты мекемелер мұны ақпараттық жүйедегі ағаттықпен түсіндіреді. Тірілердің тізімінен табылуға тырмысқан тұрғын денсаулығы жоқ екенін айтып, арызданудан бас тартты. Ал жауапты органдар бірер күнде құжатты реттеп, жаңсақ деректің кесірінен жан тапсырған жаңақалалыққа қайта жан бітіреміз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.