Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі мәдениет саласын сынға алды

c 13:51, 15/08 c 26

0:00 / 0:00

БҚО-ғы кітапханаларды жаңғырту жұмыстары уақытылы жүргізілмеуі мүмкін. Себебі аудан әкімдері қажетті сметалық құжаттарды дайындамаған. Ал модернизация шарасы үшін "Қазақстан халқы қоры" қаражат бөлген. Аппараттық кеңесте осындай мәлімдеме жасаған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәселені тез арада шешу қажет екенін айтты.Облыс әкімінің орынмәдениетбасары Бақытжан Нарымбетов мәлім еткендей «Қазақстан халқы қоғамдық қоры» арқылы аудандардағы 25 кітапхана жаңғыртудан өтуі тиіс. Қоғамдық қордың талабы бойынша аудандық бюджеттен қажетті қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек еді. Алайда бұл жұмыстардың орындалмай қалу қаупі басым. Себебі бірқатар аудандар жөндеу жұмысына өз бюджеттерінен қаражат бөлмеген. Тіпті ЖСҚ да дайын емес екен. Аппартық кеңесте облыс әкімі аудандардағы тарихи құжаттарды сақтаушы архив мекемелерінің көбі ескіргенін, аудан әкімдеріне өз бюджеттері есебінен қаражат бөліп, жөндеуді жүргізу қажетін қаперге салды. Ал облыстағы өнердің қара шаңырағы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрын жөндеудің ұзаққа созылу себебі туралы мәселе көтерілді. Басқарма басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев мердігер мекемемен сот процесінің енді аяқталғанын айтып, көп ұзамай жөндеу жұмыстарының қайта жанданатынын мәлімдеді.Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев басқарма басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевқа жұмыс сапасына көңіл бөлу қажеттігін ескертті.Сонымен қатар Островский атындағы драма театры, облыстық халық шығармашылығы орталығын, Жастар мәдениет сарайы мен Деркөл Мәдениет үйін, Бөрлі ауданы Жарсуат, Кеңтүбек пен Бумакөл ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарын да аяқтауды талап етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.