Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

c 13:38, 15/08 c 20

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық боксшылар жыл сайын спорттық додаларда жұдырықтасып жүргені белгілі. Алайда биылғы жартыжылдықтағы нәтиже көңіл қуантарлық. Жиында бас қосқан облыстық бокс федерациясының мамандары мен сала ардагерлері осы жетістікке ерекше тоқталды. Облыстан үш бірдей спортшы Азия чемпионатының жеңімпазы атанып отыр. Бұл жеңіс - өңірдің ғана емес, бокс сүйер қауымның ортақ жетістігі.

ВЛАДИСЛАВ ГОЛОУХОВ

БҚО БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпонаты 2024 жылдың 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада өтті. БҚО-ның қоржыны 3 бірдей алтын медальмен толықты. Атап айтқанда, 71 келі салмақта Сабыржан Аққалықов, 66 келіде Ақнар Ищанова және жастар арасында Өнер Сейілханның бағы жанған. Облыстық бокс федерациясы чемпиондар мен олардың бапкерлерін айтулы жеңіспен құттықтап, қомақты қаржылай сыйақы табыс етті.

САБЫРЖАН АҚҚАЛЫҚОВ

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Салтанатты жиында өңірдегі бокстың дамуы, жас спортшыларды қолдау, спорт нысандарының базасы, кадр мәселелері талқыланды. Алда бокс федерациясы аудан бапкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тәжірибе алмасу шараларын өткізуді жоспарлап отыр. Өйткені халықаралық, республикалық дәрежедегі спортшылардың томағасын сыпырған тәжірибелі бапкерлердің өз айтарлары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.