Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

25 АДАМ БРУЦЕЛЛЕЗ ЖҰҚТЫРҒАН

c 16:02, 14/08 c 40

0:00 / 0:00

Бруцеллез, сарып - адам мен малдың жұқпалы ауруы. Медицинада індеттің қоздырғышы «бруцелл» суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия деп сипатталады. Мамандардың айтуынша, инфекцияның шикі сүт, мұздатылған ет, жүн, топырақ пен қида сақталу мерзімі әртүрлі. Алайда дезинфекциялық ерітінділер мен жоғары температурада ауру қоздырғыштары тез өлетін көрінеді.

НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ

БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жыл басынан өңірде төрт түлік баққан 25 адамнан сарып ауруы анықталған. Аурушаңдық облыстың әр ауданында тіркеліп отыр. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен қарапайым сақтық ережелерін ұмыт қалдыруға болмайды. «Бруцеллез - емделетін ауру», - дейді эпидемиолог мамандар.

НҰРЛЫБЕК МҰСТАЕВ

БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қауіптің алдын алуда тұрғындар ескеретін жайт: ет-сүт өнімдерін белгіленген орындардан сатып алу керек. Үй жағдайында жеке гигиенаны сақтау артық болмайды. Арнайы киім кию, оны бөлек сақтау, жануарларды сою кезінде санитариялық талаптарды ұмытпай, өңдеуден өткізу қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.