Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 6 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ

c 09:52, 14/08 c 25

0:00 / 0:00

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы биылғы жылдың І жартыжылдығындағы жұмыстарын қорытындылад(ы). Көктемгі күннің салқындығы және киік санының шамадан тыс артуы салдарынан Бөкей Ордасы мен Жәнібек аудандарында төтенше жағдай жарияланған болатын. "Қуаңшылық" деп қарастырылған аймақтарға басқарма тарапынынан енді қандай қолдау көрсетілмек? Жалпы мал азығын дайындау науқаны қалай жүруде? Бұл тақырыпты арна тілшісі Ақниет Ғаллам тарқатсын.

Облысымыздағы ауыл шаруашылығының ахуалын айтпас бұрын бірінші ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі есеп берген 6 айдағы атқарылған жұмыс қорытындысына тоқталып өтсек. Ресми өкілдің мәліметіне сүйенсек, өнімнің жалпы көлемінде айтарлықтай өсу байқалад(ы).

Өнім өсті дегенмен, өңірімізде көкейкесті мәселелер де бар. Облысымызда биыл 2 аудан қуаңшылыққа ұшырады. Қазіргі таңда төтенше жағдайдағы Бөкей Ордасы мен Жәнібек аудандарына қолданыстағы мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына сәйкес агроқұрылымдарға ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуды субсидиялау жоспарлануда.

«Қыстың қамын жаз ойла»,-демекші шаруашылық иелері мал азығын жинаудың қамына кірісіп те кетті. Жыл сайын өнім бағасы қымбаттап, қарапайым халықтың қалтасы көтермей жататыны тағы бар. Бұл жылғы өсім қанша?! Сұрап білдік.

Ауыл шаруашылғын қаржыландыруға шаруашылықтармен 11 млрд 419 млн теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 5 млрд астам теңгеге 528 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғылар сатып алынған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.