Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқушылардың дауы шешілмей келеді

c 15:41, 13/08 c 23

0:00 / 0:00

Орал қаласында Сәкен мен Айти мектептің оқушыларына қатысты дау шешілмей келеді. Оқушылардың ата-аналары әділдік іздеп, білім басқармасына барды. Облыс орталығында 600-ге жуық оқушы қос мектепте оқу үшін маусым айында тест тапсырады. Мектептердің әкімшілігі емтихан дұрыс талаптарға сай ұйымдастырылмады,- дейді. Ал, ата-аналар тесттің қорытындысы бойынша балаларын мектепке қабылдауын талап етуде.

Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған және Айти мектепке баласын оқыту үшін емтихан тапсыртқан бір топ ата-ана білім басқармасының алдында жиналды. Оқушылар маусымның 8-інде тест тапсырады. Ата-аналар осының нәтижесінде балаларын мектепке қабылдауын талап етуде.

Ата-аналар Сәкен мен Айти мектепке оқушыларды қабылдау үшін қайтадан тест тапсыртуға үзілді-кесілді қарсы. Олар балаларымыз қанша жыл осы емтиханға дайындалды. Талай ақылы оқу орталығының табалдырығын тоздырдық. Енді баламызға екінші қайтара сынақ тапсыру қажетін қалай түсіндіреміз деп сұрайды.

Ата-аналардың дауы 2 айдан бері жалғасып келеді. Жыл сайын қос мектепке оқушыларды қабылдау үшін тендер ойнатылады екен. Бұрындары осы мемлекеттік тапсырысты "Дарын" оқу орталығы ұтып келген. Өткен жылы бөгде компания ұтып, емтихандарды "Дарынмен" бірге ұйымдастырыпты. Биыл "Недвижимость сити, Абырой" компаниясы ұтып алыпты. Орал қаласында 599 оқушы қос білім ордасына тест тапсыруы тиіс екен. Бір топ ата-ана балаларын тест нәтижесі бойынша мектепке қабылдауын сұраса, енді бірі емтиханнан құлағандары тест дұрыс ұйымдастырылмады десе, үшінші топ-мүлдем емтиханның өткенін естімей қалған. Бала құқығы жөніндегі уәкіл мән-жайды жан-жақты сараптау үшін арнайы комиссия құруды ұсынды.

Арнайы комиссия үш күннің ішінде оқушылардың мәселесін жан-жақты зерттемек. Ата-аналар бұл жағдай оңынан шешілмесе наразылық білдіріп, алаңға шығамыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.