Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АЛТЫН АЛҒЫМ КЕЛДІ»

c 20:49, 12/08 c 35

0:00 / 0:00

Парижден келген олжамыз – 7 медаль болды. Соның ішінде күміс медальді қанжығасына байлаған боксшы Нұрбек Оралбай 80 келілік салмақта украиндық Аленксандр Хижнякпен жұдырықтасқан болатын. Бірінші раунды ұтып, екінші раундтың үш минутында да біздің спортшымызға жеңіс бұйырып тұрған еді. Алайда жеңістің ауылы жақындаған сәтінде төрешілердің шешімімен қарсыласы ұтып кетті. Қазақстанның боксшылары осымен екінші олимпиададан алтынсыз оралып отыр. Нұрбектің өзі күміске қол жеткізгенімен, «алтын алғым келген еді»- деген өкінішін айтады.

Жалғыз алтын медальмен оралған дзюдошы Елдос Сметовке мемлекет 250 мың доллар көлемінде сыйқа береді. Ал күміс жүлдегерлері 150 мың доллардан, қола үшін 75 мың доллар алады. Оған қоса өз өңірлерінде чемпиондарға баспана, автокөліктер сыйға тартылып жатыр. Парижде өткен олимпиада ойындарына ел қазынасынан 980 млн теңге бөлінді. Әлеуметтік желіде пікір қалдырып жатқандар қыруар қаржы бөлініп, нәтижесінде бір ғана алтын алдық, медаль санынан артта қалдық деп жазуда. Спорт вице-министрі Жарасбаевтың айтуынша, бұл соншалықты көп қаражат емес деп. Ал нәтиже көрсетпеген спорт түрлері бойынша жұмыс жүргізіледі.

Еске сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарынан Қазақстанның қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медалі түсті. Осылайша біздің ел 43 орынды иеленді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.