0:00 / 0:00
Сәуір айынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысында 48 мың түп ағаш егілді. Облыс орталығында 5 мың тал-терек егілсе, бүгін жаңа шағын ауданда, тағы 180 көшет отырғызылды. Бұл шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев және қала басшылығы қатысты.Жасыл желек қорын көбейтейік деген табиғат жанашырлары 10 ықшамауданға жиналды. Көбі бала-шағасын ерте келіпті.Бұл жолғы шараның ерекшелігі ағаш егуге қажетті қаржыны тұрғындардың өздері жинап, бастама көтерген. Қарапайым қала тұрғындарының күшімен 3 миллион теңге жиналып, көшеттер сатып алыпты.Тұрғындардың бастамасы өңір басшылығынан да қолдау тапты. Ағаш егу шарасына қатысқан облыс әкімі туған жерді түлету әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сәуір айынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде 48 мың көшет егіліп, 52 мың тонна күл-қоқыс шығарылған.