Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨЗБЕК БАСШЫСЫНЫҢ САПАРЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

c 16:11, 09/08 c 25

0:00 / 0:00

Елімізге ат басын тіреген өзбек басшысының сапары жайында айтпас бұрын, көрші ел жайында қызықты деректерге тоқталсам. Өзбекстан Азияның қақ ортасында орналасқан ел. Өткен жылы халқының саны 36 миллионнан асты. Өзбекстан да біз сияқты көпұлтты ел. Сарапшылар Өзбекстанды экономикасы планетаның басқа елдеріне қарағанда жылдам дамып келе жатқан мемлекет деп санайды.
Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74% Өзбекстанға тиесілі. Алтын қоры бойынша әлемде 4 орында, жез қорынан 11, ал уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленген. Ал мақта дақылын өсіруде өзбек ағайындары алдына жан салмайды. Әлемде 5-орында, оны экспорттау бойынша 2-орында тұр. Өзбек елі арқылы 9 ірі газ құбыры өтеді. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елімізге мемлекеттік сапары барысында екі елдің қарым-қатынасын нығайтатын құжаттарға қол қойылды. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада құрметті қонағын қарсы алу рәсімінен соң, екі жақты кездесу өткізді. Одан әрі қазақ-өзбек президенттері екі елдің жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Ақорданың хабарлауынша, кеңес отырысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-транзиті, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілді. Қазақ-өзбек басшылары 2034 жылға дейінгі стартегияық әріптестікті дамыту бағдарламасын бекітуге келісті.

Қазақ президенті екі елдің тауар айналымын бес миллиард долларға дейін жеткізіп, таяу жылдары бұл көрсеткішті екі есеге өсіруге қауқарымыз жететінін айтты. Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Өзбекстанмен ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, коммуникация, цифрландыру саласында ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалану маңызды. Бұл орайда қазақ-өзбек шекарасындағы «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын тезірек іске қосу қажет деді. Бүгінде жалпы сомасы 3 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар. Оның аясында 14 мың жұмыс орны ашылады. Бизнес үшін қолайлы жағдай жасау керек екенін жеткізді. Жүк жеткізуді жеңілдету, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын кешенді әрі тиімді пайдалану, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері де кеңес отырысында талқыланды.
Шавкат Мирзеевке көрестілген құрметтің бірі- оны «Алтын қыран» орденімен марапаттау болды. Тоқаев бұл қазақ халқының Өзбекстан басшысына деген ерекше құрметінің белгісі деді.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті ризашылығын айтып, Қазақстанға сапары екі мемлекеттің одақтастығын мүлдем жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Келіссөздер қортындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі, жоғары мемлекетаралық кеңесінің екжақты ынтымақтастығын дамыту, шекара режимі туралы, халықаралық автомобиль қатынасы,ауыл шаруашылық, денсаулық және тағы басқа да қарым-қатынасты нығайта түсетін келісімдерге келді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.