Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЯН СҰЛУ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ НАРАЗЫ!

c 18:38, 08/08 c 25

0:00 / 0:00

Арық беті арандай ашық, жол құрылысы болса аяқталмаған. Орал қаласының Зашаған кенті Баян Сұлу көшесі тұрғындарының айтуынша, бұл мәселені айтып, 2 жыл бойы бармаған жерлері қалмаған. Жауаптылардың «Жасап береміз!» деп айтқан жалған сөздеріне халықтың енді сенгісі жоқ. Амалдары таусылған соң тұрғындар редакциямыздың есігін қақты. "Мүйізгек" болған мәселенің мән-жайын арна тілшісі Ақниет Ғаллам айтсын.

Ашық жатқан арық тұрғындарға айтарлықтай қауіп төндіруде. Осы көшенің бойында тұратын Рыскүл Дәрменқызының баласы ойнап жүріп арыққа құлап, жарақат алған.

Зашаған кенті әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллиннің айтуынша, Баян Сұлу көшесіне бағытталған жоба 2023 жылы жасақталған. Оның негізіне жолды асфальттау, арық жүйесін салу, жаяу жүргіншілер жолын салу және су басу қаупінің алдын алу мақсатында жер асты құбырларын салу жұмыстары жүргізілуі керек. Алайда басталған жұмыс аяқсыз күйде жатыр. Жобаға бөлінген қаражат қайда кетті? Неліктен әлі күнге дейін жұмыс аяқталмад(ы)? Қашан бұл мәселе шешімін табад(ы)? Сан сауалға жауап іздедік.

Айтылған сөз - атылған оқ. Қыркүйектің соңын тосайық! Нәтиже көңіл көншітпесе жолымызды тосқандарға шақырулы қонақ болып қайта барамыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.