Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

316 адам банкрот деп танылған

c 09:37, 07/08 c 59

0:00 / 0:00

Маусым айында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнамаға өзгерістер енді. Несиесін 1 жылдай төлей алмай жүрген жандар онлайн түрде банкроттыққа өтініш бере алады. 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін 300-ден астам адамнан арыз келіп түсіпті.

Өткен жылдан бастап несиесін өтей алмай жүрген жандардың қарызын кешіру үшін жеке тұлғаның банкроттығы қабылданды. Былтыр мемлекеттік кірістер департаментіне 3000-дан астам өтініш келіп түскен. Биыл 1 шілдеге дейін 316 батысқазақстандық өзін банкрот деп жариялап, 418 млн теңгеден астам берешек қарызы кешірілген. 12 айдың көлемінде борышын төлемеген жандар онлайн түрде өтініш қалдыра алады. Алайда жеке тұлғаны банкрот деп жариялау үшін түрлі кедергі тап болатын. Қарызын өндіре алмай жүрген кредиторлар 5-10 теңге төлеп, арыз жазған адам көмектен қағылатын еді. Мұндай жағдайлар ескеріліп, жаңа өзгерістерге сәйкес төлем соммасы 1 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, саналмайтын болды.

Экономистер банк пен түрлі микро қаржы ұйымдарға қарыз жандардың банкроттыққа иек артпаған дұрыс деген пікірде. Бүгінгі күні қарыздың қамытынан құтыла алмай жүргендер, ертең-ақ табысты болуына мүмкіндік көп. Сол кезде мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсіпкер ретінде кредит ала алмайды.

Экономистер қаржылық сауаттылыққа үйреніп, адам өзіне жауапкершілік алып үйренуі керек,- дейді. Үкімет те тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін "Қарызсыз қоғам" сынды бағдарламаларды қабылдап, университет пен мектеп қабырғасынан бастап, білім беруді қолға алды. Сауат ашуға арналған бағдарламалардың нәтижесі келешекте өз жемісін береді.

Сурет http://degdar-news.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.