0:00 / 0:00
Биылғы 6 айда облыс соттарына 10277 арыз түскен. Оның ішінде 8 мыңнан астам іс аяқталып, 2 мыңға жуық талап-арыз қайтарылған. Биыл жартыжылдықта атқарылған жұмыс туралы кезекті брифингте баяндалды. Айта кетерлік жағдай соңғы уақыттарда жасөсіпірімдер арасындағы қылмыстық істер көбейген. Мәселен, кәмелетке толмағандар қолымен өткен жылы 9 қылмыстық іс тіркелсе, биылғы жылдың 3 айында 3 жағдай болған. Оның басым бөлігі тыйым салынған есірткі тектес заттарды сату және тасымалдауға қатысты болып отыр.
Спикердің мәліметінше, алты айдың ішінде 7316 іс қозғалған. 152 талап қаралудан бас тартылды. Қаралған істер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға көп. 980 іс өндіріспен тоқтатылған. Жұмыс барысында соттан тыс бітімгерлік шарасына да баса бағыт берілген. Апта сайын мониторинг жүргізіледі. 1263 іс татуласу тәртібі бойынша тәмамдалған. Бұл аяқталған медиация ісінің жалпы 35 пайызын құрайды. Бұдан бөлек даулардың басым бөлігі сот орындаушылардың іс әрекетіне қатысты түскен.
Сонымен қатар салық, жер қатынастарына қатысты да сауалдар аз емес. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ізбасаров аяқталған қылмыстық істердің өсімін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 679-дан 662-ге дейін төмендегеніне назар аударды. Сәйкесінше, сотталғандар саны 758-ден 792-ге азайған. Қаралған істердің саны бойынша 2023 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 17 іске азайғаны байқалады.